Қазақстандық тұздың экспорты 27%-ға өсті
«Қаңтар-наурыз аралығындағы экспорттық жеткізілімдер 27,3%-ға, 39,4 мың тоннаға дейін өсті», - деп хабарламада нақтыланады. Қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 88,9 мың тонна тұз өндірілді, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 6,7%-ға артық. «Ақ алтын» өндірісінің 99,9% саланың тұзды алыбы - «Аралтұз» орналасқан Қызылорда облысында шоғырланған. І тоқсан қорытындылары бойынша жергілікті өндіріс тұзға деген сұраныстың 88,7%-ын қанағаттандырды. «Аралтұз» хабарламаларына сәйкес компания Ресей тұз нарығының 12%-ын жаулап алды, сондай-ақ өткен жылы арал тұзы Әзірбайжанға жеткізіле басталды, және де Қытайға жеткізуді бастау жөнінде жұмыс жүргізілуде. Қазақстан нарығы толығымен тұзбен қамтамасыз етілген, бұл бағаның өсуін тежеуге мүмкіндік береді. Осылай, тұз бір жылда 0,4%-ға ғана, осы жылдың мамыр айында 1 кг үшін 51,3 тенгеге дейін қымбаттады. Жалпы алғанда дәл сол кезеңде азық-түлік бағасы 5%-дан жоғары өсті.
Басқа жаңалықтар
2022-12-13 14:55:14
2020-11-12 08:13:26
2020-11-12 05:37:04
2020-10-18 04:57:12
2020-06-04 10:18:18
2020-06-04 10:15:32
2019-12-19 11:19:51
БАҚ үшін контактілер
PR және маркетинг сұрақтары бойынша pr@araltuz.kz жазыңыз