«Аралтұз» АҚ Арыс тұрғындарына ақшалай қаражат аударды
«Аралтұз» АҚ кәсіпорны өз қаражаты есебінен бүтін кәсіпорынның бір күндік жалақы қоры көлемінде Арыстың зардап шеккен тұрғындарына материалдық көмек көрсетті. Сондай-ақ «Аралтұз» АҚ басшылығының бастамасын 500-ден астам зауыт жұмыскерлері қолдап, Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек қорына қосымша түрде өздерінің бір күндік жалақысын аударды. «Арыстағы төтенше жағдай барлық қазақстандықтарды біріктірді. Халқымыз үшін қиын кезеңде біз де отандастарымызға қолдау көрсетуді жөн көрдік», - деді «Аралтұз» АҚ президенті Айдынбек Тауасаров!
Басқа жаңалықтар
2022-12-13 14:55:14
2020-11-12 08:13:26
2020-11-12 05:37:04
2020-10-18 04:57:12
2020-06-04 10:18:18
2020-06-04 10:15:32
2019-12-19 11:19:51
БАҚ үшін контактілер
PR және маркетинг сұрақтары бойынша pr@araltuz.kz жазыңыз