Жақсықылышта жаңа зауыт ашылды

11 шілде 2016

Мұнан соң Үкімет басшысы Арал ауданында болып, «Аралтұз» акционерлік қоғамының жұмыс барысымен танысты. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарымен кездесіп, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, шағын және орта бизнеспен айналысушылардың қатарын арттырып, әлеуметтің әлеуеттік жағдайын жақсарту, жастарды жұмысқа орналастыру мәселесіне баса назар аудару қажеттігін айтты.

 

Әкімжан Жолтаев-тілші

\Дүниежүзілік стандартқа сай йодталған ас тұзымен елімізді ғана емес алыс-жақын шетелдерді де қамтамасыз етіп отырған «Аралтұз»  кәсіпорнында жаңа зауыт іске қосылды. Заманауи технологиялармен жабдықталған өндіріс орнында енді тағы да екі жүзден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Бір ерекшелігі мұнда тұзды майдалау, тазалау, кептіру, қаптау процестері жеке цехтарда жүргізіледі\

Тілші: Жаңадан іске қосылған зауыт, біріншіден, өндірістік шығындарды қырық пайызға төмендетсе, екіншіден, айына бес мың тоннадан 15 мың тоннаға дейін тұз шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұнда халықаралық стандартқа сәйкес әлемдік нарықта сұранысқа ие қатты уатылған техникалық және ас тұзы өндірілуде. Бүгінде Аралтұздан шығатын өнімінің елу жеті пайызы шетелге экспортталады. Алдағы уақытта, өндіріс ауқымы кеңейтіліп, тұздың басқа да түрлері шығарылмақ.

Бержан Рысмамбетов- цех басшысы

Тілші: Компания өткен жылы үш ауысымда  үздіксіз жұмыс істеп екі жүз мың тонна тұз өндірді. Ал, биыл бұл көрсеткішті  екі есеге арттыру көзделуде.  Ең бастысы, шығарылатын өнімнің сапасына мән берілмек.

Гаухар Бергенбаева- бақылаушы

Тілші: «Аралтұз» акционерлік қоғамы өндірісті әртараптандыру мақсатында  тың жобаны қолға алды. Ол кальцилендірілген сода зауытының құрылысын салу. Қазақстанда бұған дейін болмаған мұндай ірі өндіріс орны енді Арал қаласында ашылмақ.  Жалпы құны 81 миллиард теңгені құрайтын зауыт  толықтай іске қосылғанда жылына 200 мың тонна өнім шығарылмақ. Сондай-ақ жеті жүзге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Дәурен Мұқашев - «Аралтұз» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы

Бұл жоба еліміз үшін өте тиімді болмақ, себебі кальцилендірілген сода ел нарығына тек шетелден ғана әкелінеді. Ал, бұл өнім өндірістің барлық саласында кеңінен қолданылады. Химия, алюминий өндірісінде, әсіресе, облыс орталығында салынып жатқан шыны зауытына аса қажет.  Біздің жобамыз толықтай жүзеге асса аралдықтар тек балығымен ғана емес  кальцилендірілген сода шығарумен де әлемге танылады\

Тілші: Зауыт жұмысымен танысқан Премьер-Министр мұнан әрі мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесті. Жиында САРАТС жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру мәселесі де сөз болды.Интершум

Тілші. Ауылдық елді мекендерде кәсіп ашып, шағын және орта бизнеспен айналысам деушілерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау аз емес. Аралдықтармен жүздесіп, емен-жарқын әңгімелескен Үкімет басшысы сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, жастарды жұмысқа орналастыру мәселесіне де баса назар аудару керек деді.  

kyzylordatv.kz