Тұз адамның және жануарлар әлемінің тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін маңызды элемент

10 қараша 2014

пищевая соль в КазахстанеТұз (хлорлы натрий) адамның және жануарлар әлемінің тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін маңызды элемент, сонымен қатар өнеркәсіптік қолданыста ең кең спектрге ие тауар болып табылады. Тұз химиялық өнімді өндіру үшін негіз болып табылады, бірінші кезекте хлор және күйдіргіш сода, оның негізінде көптеген пластмасса, оның ішінде ПВХ, алюминий, қағаздар, сабын, шыны дайындалады. Мамандардың есептеуі бойынша, тұз заманауи жағдайларда тікелей немесе жанама 14 мың қолданыс аясына ие!

Біз көбінесе тағамға қолданатын, барлығымызға мәлім ас тұзы жайлы айтатын болсақ, осылайша, ас тұзы - бұл кристаллдық хлорлы натрий, құрамында 39,4% натрий және 60,6% хлор бар. Белгілі болғандай, кез-келген температуралы суда жақсы ериді.

Натрий адам ағзасының өмірлік маңызды әрекетін жүзеге асыру үшін қажетті, негізгі катиондардың бірі болып табылады. Біздің ағзамызда шамамен 50% барлық натрий жасудан тыс сұйықтықта, 40% - сүйектерде және шеміршектерде, шамамен 10% - жасушаларда болады. Натрий өттің, қанның, цереброспиналь сұйықтығының, ұйқы безі шырынының, әйел сүтінің құрамында болады.

Натрий қышқылды – сілтілі тепе – теңдікті сақтауға қатысады, натрийдің алмасуы ағзаның су – тұз алмасуының маңызды бөлімін құрайды, тұрақты осмотикалық қысымды қамтамасыз етеді. Натрий-калийлі сорғыш жасуша мембранасы арқылы амин қышқыл және глюкозаның орын алмасуын қамтамасыз етеді. Ол жүйке соңдарының жақсы жұмыс істеуі үшін де, жүйке импульстерін және бұлшық еті қызметін, оның ішінде жүрек бұлшық етін беру үшін, сонымен қатар аш ішек және бүйректердің нақты нәрлі заттарды сіңуі үшін қажет.

Біз натрийді тек ас тұзымен ғана емес, сондай-ақ натрийдің басқа қосылуларымен консерванттар (натрий нитраты), дәмдік қоспалар (натрий глутаматы) немесе қопсытқыштар (натрий бикарбонаты) түрінде қолданылатындығын ескеру керек.

Хлор, өз кезегінде майды ажыратуға көмектесетін ерекше заттардың құрылуына қатысады. Тұз қышқылының құрылуына қажетті – асқазан шырынының негізгі компоненті, несепнәрді ағзадан шығару туралы қам ойлайды, жыныстық және орталық жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады, сүйек ұлпасының құралуы және өсуіне көмектеседі. Адамның бұлшық ет ұлпасының құрамында 0,20-0,52% хлор, сүйекті - 0,09% бар; осы микро элементтің негізгі салмағы қандай және жасушадан тыс сұйықтықта бар.

Аралтұз компаниясы тұз өнімдерінің барынша көп түрін шығарады. «Аралтұз» компаниясының ұжымы ұлттың денсаулығы және өркендеуі үшін өзіне жауапкершілік ала отырып, сапалы тұзы шығаруға ұмтылады. Біздің жоғарғы сапалы өніміміз барлық сапа стандарттарына жауап береді!