Тұз – пайдалы кеңестер

  • Пештегі печенье күйіп кетпес үшін форманың астына аздап тұз сепкен жөн.
  • Жұмыртқа жарылған жерінен ағып кетпес үшін оны тұздалған суда қайнатсақ болғаны.
  • Кілемнің үстіне бірнеше уыс тұзды сеуіп, кейін шаңсорғышпен тазалап алсақ, кілем әдемі тазаланады.
  • Жұмыртқаның ағын әдемі араластыру үшін оған  кішкене майда тұз қосыңыз.
  • Ескі шайдан қалған дақты кетіруге ыстық тұз су көмектеседі.
  • Кесілген алма қарайып кетпес үшін оған аздап тұз су құйса болғаны.
  • Бір шымшым тұз сүтті ашып кетуден қорғайды.
  • Қамыстан және сабаннан жасалған заттардағы кір құрғақ тұзбен кетеді, одан кейін олар жап жаңа болып шығады.
  • Кесілген пиязға тұз сеуіп салып қойсаңыз жаңа кесілгендей болады.
  • Егер сүт күйіңкіресе,онда оған аздап тұз қосыңыз да суытыңыз. Сүттің дәмі жақсарады.
  • Егер нан салғышқа картоптың кішкене бөлшегі мен тұз салып қойсаңыз, нан баяулау көгереді.
  • Піспеген жұмыртқаның балғындығы былай тексеріледі: стаканда бір ас қасық тұзды ерітіңіз, балғын жұмыртқа мұндай ерітіндіде стаканның түбіне түседі, бұзылғаны стакан бетінде жүзіп жүреді, ал мүлдем бұзылған жұмыртқа стаканның орта белінде жүзеді.
  • Киімнің үтіктен күйген жерін мұздай сумен жуып, көп тұз сеуіп қою керек. 20 минуттан соң тұзды қағып тастап, киімді шайып жіберсе болғаны.
  • Керек десеңіз киімдегі ескі тотық пен сиядан түскен дақтарды да лимон шырынында ерітілген тұзбен кетіруге болады. Одан кейін күн сәулесіне қою керек, бірінші реттен соң дақ бозданады, ал кейін бірнеше қолданғаннан соң түбегейлі жоқ болып кетеді.
  • Шырақ көбірек жансын десеңіз, алдын ала оны тұздалғн суға былғап алыңыз.
  • Егер жаңа шойын табада тұз қыздыратын болсаңыз, онда тамақ күймейтін болатын.
  • Егер күл салғыш тазармай жатса, онда тұз салынған шүберекпен сүртіңіз, кейін мұздай сумен жуып жіберіңіз.
  • Өтпейтін пышақты кесетін жағымен тұздалған суға ылғалдандырып алсаңыз оны өткірлеу жеңілдеу болады.
  • Нашатыр спиртінде ерітілген тұз жібек матаға түскен майлы дақтарды керемет кетіреді, ал сірке судың тұзбен ерітіндісі қызыл және сары мысты тазалауда керек құрал бола алады.
  • Бұлыңғыр күнбағыс майы мөлдір болсын десеңіз, 1 литр майға 1 шай қасық тұз салыңыз. Үш күннен кейін майды басқа ыдысқа ауысытырыңыз. 
  • Тұздың ерітіндісі жеңіл салқын тигенде кезде үй жағдайындағы керемет құрал болып табылады. Тамақ ауырғанда ауызды шаю тек жазып қоймай, тамаққа салқынның әсерін азайтады және қақырықты шығартады.
  • Егер әрбір екі сағат сайын мұрынмен жылы тұзды суды тартатын болсақ, ауыр тұмау да кетеді.
  • Егер бал арасы немесе жабайы ара шағып алатын болса, онда ауруды басып, шаққан жердің ісіп кетуінен су мен тұздың ботқа тектес қоспасы көмектеседі.