Қысқаша даму тарихы

1913 жылы Арал тұзды көлдерінің алғашқы зерттеулері Арал өндірістік кешенінің негізін қалады.  1925 жылы Жаксықылыш тұзды көлдерінің базасы негізінде «АРАЛТҰЗ» АҚ комбинатының негізі болған «Соль» артелі құрылды.

Шағын артельден кәсіпорын бұрынғы Кеңес Одағының тұз өнеркәсібінің көшбасшысына айналды. Комбинат базасында тұзды өндіру мен оны өңдеудің жаңа технологиялары жоспарлы түрде енгізіліп жатты. Бұл шаралар өндіріс көлемін сақтауға, ал кейінірек тұздың өндірісі мен өңделу қарқынын арттыруға мүмкіндік берді.

КСРО тарағаннан кейін «Аралсоль» жекешелендірілді, бұл оның нарықтық экономика талап етіп отырған шарттарға сай болатын қазіргі заманғы басқару мен жоспарлау әдістеріне өтуге мүмкіндік берді. 

1994 жылы «Аралтұз» АҚ құрылды. 1996 жыл сауықтыру іс-шараларының бастамасы болды. Жабдықтар жаңартылды, ас тұзының жаңа полиэтиленді орауыш линиясы, кейіннен халықаралық стандарттарға сай полиэтиленді пакеттер линиясы орнатылды. 2002 жылы «Аралтұз» АҚ-да өндірісті тоқтатусыз тұзды екінші рет байыту технологиясы ойдағыдай енгізілді, бұл шығарылып жатқан өнімнің сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.

«АРАЛТҰЗ» АҚ алдында мынадай мақсаттар қойылды:

  • Қазақстан Республикасының нарығын сапалы және қымбат емес ас тұзымен қамтамасыз ету;
  • КСРО кезінен белгілі брендті сақтап қалу;
  • Кәсіпорынды халықаралық нарыққа шығару;
  • Комбинаттың тұрақты жұмыс істеуін, өндірістегі тиімділік пен өнімнің өтімділігін жоғарылату мақсатында кәсіпорынды ұйымдастыру мен басқарудың қазіргі заманғы принциптерін енгізу.