Миссия

«Аралтұз» Компаниясының ұжымы өзіне ұлттың денсаулығы мен гүлденуі үшін жауапкершілікті ала отырып, сапалы тұзды өндіруге және Қазақстанның экономикасының барлық салаларында жұмыс істеуі мен дамуы үшін стратегиялық ресурс пен тіршілік көзі болып табылатын туған жердің байлығы тектес тамаша қазақстандық тұзды әрбір тұтынушыға жеткізуге тырысады. 

«АРАЛТҰЗ» компаниясы ең алдымен өзінің клиенттерінің мүддесін барынша қанағаттандыруға бағытталған. Біз жетекші бағыттар бойынша мамандандыруды енгізу арқылы тұз өнімдерімен байланысты барлық сегменттерде болуды және еңбек  тиімділігін арттыру мақсатында компанияның өндіру-өткізу тобын құруды жалғастырудамыз (тұз холдингі).